Жиделіарықта «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны бойынша кеңес өтті

Жиделіарықта «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны бойынша кеңес өтті

Жиделіарықта «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны бойынша кеңес өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту, зерделі ұлт қалыптастыру және қоғамның зияткерлік әрі мәдени әлеуетін арттыру бағытындағы бастамаларын жүзеге асыру мақсатында елімізде «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны өткізілуде. Осыған орай Жиделіарық ауылында кеңес өтті.

Кеңеске Жиделіарық ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері, №206 мектеп ұжымы, ауылдық кітапхана мамандары және бірқатар оқырмандар қатысты.

Жиында марафонның Жиделіарықта өткізілу барысы, ұйымдастыру мәселелері, кітап оқу марафонын ауыл ішінде насихаттау, марафонның ресми сайтының жұмыс алгоритмін түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері кеңінен талқыланды. Марафон регламенті бойынша қатысушылардың нәтижелері тек арнайы сайтқа (https://reading-nation.kz/) тіркелу санымен емес, оқылған шығармалардың мазмұнын білу, сюжет пен кейіпкерлерді түсіну, авторларды білу және оқығанды талдау секілді көрсеткіштермен осы сайтта бағаланатыны атап өтілді.

Сонымен қатар әрбір оқылған кітап пен сайтта жарияланған пікір үшін қатысушыға рейтингтік балл есептелетіні жеткізілді. Оқыған байланысты, марафонның негізгі нәтижесін арттыру мақсатында қатысушылардың кітаптарды толық оқуына, әр оқылған шығарма бойынша мазмұнын меңгеруіне, кейіпкерлері мен сюжетін түсінуіне және шығармаға талдау жасай алуына баса мән берілді.

Кеңес қорытындысы бойынша мынадай шаралар белгіленді:

—марафон туралы ақпаратты ауыл тұрғындары арасында кeңінен насихаттау;

—мектеп оқушылары мен ересек оқырмандарды сайтта тіркелуге жұмылдыру (https://reading-nation.kz/);

—ауылдық кітапханада сайт алгоритмін түсіндіру бойынша кеңес беру орнын ұйымдастыру;

—марафонның барысына тұрақты мониторинг жүргізу.

Жиынға қатысушылар кітап оқу мәдениетін қалыптастыру — рухани дамудың бастауы екенін атап өтіп, Жиделіарық тұрғындарын марафонға белсенді қатысуға шақырды.

#ҚызылордаШиеліЖиделіарық

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli-zhideliaryq/press/news/details/1321799?lang=kk