📢 СОЛОНОВКА АУЫЛЫНДА: ТҰРҒЫНДАР ЖИЫНЫ ӨТТІ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОРТАҚ ШЕШІМДЕР
2026 жылғы 30 қазанда Солоновка ауылында тұрғындар жиыны өтті.
Жиын барысында ауылды абаттандыру, санитарлық тазалық, қоғамдық қауіпсіздік, жергілікті өзін-өзі басқару, интернет-алаяқтықтың алдын алу және кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Сонымен қатар ауыл аумағындағы тазалық пен тәртіпті сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру, балалар ойын алаңын күтіп ұстау, ағаштарды күтіп-баптау, жылыту маусымына дайындық және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиын барысында тұрғындар өз ұсыныстарын білдіріп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ауылдың күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады.
🤝 Ауылды таза, қауіпсіз әрі жайлы ету – баршамыздың ортақ міндетіміз! Бірлесе атқарған жұмысымыздың нәтижесінде ғана ауылымыз көркейе түседі!