Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды

2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің «Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша мүшесі Алмагүл Әнуарбекова 2026 жылғы 2 қарашадан бастап Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

Алмагүл Бауыржанқызы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік политехникалық университетін «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша, сондай-ақ академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін «Химия» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2019 жылы Жезқазған қаласындағы №24 мектепте химия пәні мұғалімі болып бастаған. Кейін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігін басқарған, одан соң мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
Тағайындалғанға дейін Ұлытау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық қызмет жөніндегі бас инспекторы лауазымында жұмыс істеген. Сонымен қатар NXplorers халықаралық білім беру бағдарламасы мен CLIL технологиясы бойынша сертификатталған тренер, экологиялық жобаларға арналған республикалық ғылыми байқаулардың жеңімпазы.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/1321795?lang=kk