Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Департаменттің Өзіндік қауіпсіздік тобы Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі
Ж. Демешовтің төрағалығымен кездесу өткізіліп, оның барысында профилактикалық жұмыстың өзекті мәселелері қаралды.

Іс-шараға қатысушыларға діни сауаттылықты арттыру, азаматтардың деструктивті діни ағымдарға тартылуының алдын алу, психикалық денсаулықты сақтау, зиянды әдеттердің профилактикасы, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері түсіндірілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1321788?lang=kk