Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары бақылауда

Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары бақылауда

Атырау облысының аумағында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары тұрақты бақылауда.

Осы бағытта жергілікті атқарушы органдардың, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті және Табиғи ресурстар басқармасы өкілдерінен құралған комиссия облыс аумағында зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында су тасқыны қаупі бар аумақтардың жай-күйі, инженерлік қорғаныс құрылыстарының жағдайы, су өткізу арналары мен су бұру жүйелерінің дайындығы қаралды. Сонымен қатар, су тасқынының алдын алуға бағытталған жоспарлы іс-шаралардың орындалу барысына назар аударылды.

Жауапты мекемелерге жоспарланған жұмыстарды белгіленген мерзімде және сапалы орындау, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің тұрақты бақылауында.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1321783?lang=kk