«Таза Қазақстан» – тазалық пен тәртіптің бастауы!

https://www.instagram.com/reel/DfL6lwFPsTe/?mdxt=MTVtNGIwbjZsa2pmdw==

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында аудан орталығында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Игі шараға мекеме мен бөлім қызметкерлері, белсенді жастар бір кісідей жұмылып, қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, айнала аумақ ретке келтірілді. Тазалық жұмыстарына белсене атсалысқан қатысушылар туған өлкенің көркеюіне үлес қосып, қоршаған ортаға деген жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Тазалық – ортақ жауапкершілік. Туған жеріміздің көркі мен тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Таза орта – жарқын болашақтың кепілі!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1321777?lang=kk