Өңірлерде жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар мен өнеркәсіп кәсіпорындары пайдалануға берілді

Өңірлерде жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар мен өнеркәсіп кәсіпорындары пайдалануға берілді

Өңірлерде жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар мен өнеркәсіп кәсіпорындары пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жаңа өнеркәсіп өндірістері, денсаулық сақтау нысандары, жол желісі және әлеуметтік сала нысандары  пайдалануға берілді.

Көлік инфрақұрылымы

Шығыс Қазақстан облысында Тереңсай асуын айналып өтетін автомобиль жолы және Пихтовка өзені арқылы өтетін Қазақстандағы ең биік таулы автомобиль көпірі ашылды. Жаңа нысандар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, өңірдегі елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартады.

Алматы облысында республикалық маңызы бар «Кеген – Нарынқол» автомобиль жолының 74 шақырымдық учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Жобаның құны – 8,1 млрд теңге. Күн сайын 1,2 мыңнан астам автокөлік қатынайтын жаңартылған жол учаскесінде 14 аялдама, 78 жол қиылысы мен кірме жол жөнделді.

Жетісу облысында Мұқыры асуындағы ұзындығы 21 шақырымдық төрт жолақты автожол ашылды. Жаңа жол қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіп және өндіріс

Алматы облысында 2,5 млрд теңге инвестиция тартылған, тәулігіне 10 тонна ет өңдеуге қауқарлы ет өңдеу кәсіпорны іске қосылды. Жоба өңдеу өнеркәсібін дамытуға және ішкі нарықтағы отандық өнім көлемін арттыруға бағытталған.

Түркістан облысында құны 1,5 млрд теңгені құрайтын өнеркәсіптік металл конструкциялар мен металл бұйымдарын өндіретін зауыт іске қосылды. Кәсіпорын жылына 100 дана өнім шығаруға қауқарлы. Жаңа өндіріс орны өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-mayakum/press/news/details/1321776?lang=kk