Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қоян-қолтық ұрыстан чемпионаты өтті.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен ішкі істер органдарының бөлімшелері өкілдері қатысып, жоғары деңгейдегі дене дайындығын, төзімділігі мен жауынгерлік шеберлігін көрсетті.
Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері де жоғары нәтиже көрсетті. Жекелей есепте өткен жекпе-жектердің қорытындысы бойынша екі қызметкер қола жүлдеге ие болды:
• 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде – полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Нұрғалиев;
• 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде – полиция майоры Дархан Арынов.
Бұл жетістіктер спортшылардың табанды жаттығуларының, тәртібі мен мақсатқа ұмтылысының нәтижесі болды.
Жетісу облысы Полиция департаментінде қызметкерлердің дене дайындығына, қызметтік-қолданбалы спорт түрлерін дамытуға және түрлі деңгейдегі жарыстарда өңір намысын абыроймен қорғап жүрген спортшыларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.