https://www.instagram.com/reel/DfC57Z8xd11/?mdxt=MThrc2RpMDBrM2I1cw==
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Президент Жолдауы еліміздің алдағы даму бағдарын айқындап, мемлекет пен қоғам алдындағы маңызды міндеттерді нақтылады.
Елімізде 2027 жыл Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жарияланбақ. Бұл бастама Қазақстанның барлық өңірінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға, жолдарды жөндеуге, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарын дамытуға тың серпін берері сөзсіз.
Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында құрылыс жұмыстарының қарқыны артады. Бұл бағытта нақты жоспарларымыз бар. Солардың бірі – бүгін Жолдауда атап өтілген Ақтөбе қаласындағы көпбейінді балалар ауруханасы.
Қадірлі жерлестер!
Жолдаудың басты ұстанымы – әлеуметтің әлеуетін арттыру, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және болашақ ұрпаққа қуатты мемлекет қалдыру. Бұл мақсатқа жету үшін елдің бірлігі, еселі еңбек пен ортақ жауапкершілік керек.
Президент бастамаларын бірлесе жүзеге асырып, Тәуелсіз еліміздің өркендеуіне өз үлгі.