ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА – 2026»: ОБЛЫСТЫҚ ЖЕҢІС ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА!

ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА – 2026»: ОБЛЫСТЫҚ ЖЕҢІС ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА!
«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА – 2026»: ОБЛЫСТЫҚ ЖЕҢІС ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА!
✨ Педагогтердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін, жаңашыл идеялары мен озық тәжірибесін айқындайтын «Үздік авторлық бағдарлама – 2026» байқауының облыстық кезеңінде Казталов ауданының педагогтері жүлделі орындарға ие болды!
🥇 І ОРЫН
Сагидуллина Аиза Бейбітқызы – Қараөзен мектеп-лицейі.
🏅 Облыстық байқауда І орын иеленген Сағидуллина Аиза Бейбітқызы республикалық кезеңге жолдама алды! Бұл – педагогтің кәсіби ізденісі мен шығармашылық еңбегінің жемісі, сондай-ақ ауданымыздың білім беру саласындағы жетістігінің жарқын көрінісі.
🥈 ІІ ОРЫН
Темірғалиева Шынар Бақтыгерейқызы – Казталов мектеп-лицейі;
Каким Алпамыс Кенжебекұлы – А. Байтұрсынұлы атындағы МБК;
Таушанова Айымгүл Қайырлықызы – Қарасу ЖОББМ.
🥉 ІІІ орын
Жұмашева Айдана Нұрланқызы – Қарасу ЖОББМ.
🌟 Авторлық бағдарлама – педагогтің жаңашыл көзқарасы мен кәсіби тәжірибесінің нәтижесі. Осындай байқаулар үздік идеяларды саралап, білім беру сапасын арттыруға бағытталған тың бастамалардың дамуына жол ашады.
👏 Жүлдегер әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Ал республикалық кезеңге жолдама алған Аиза Бейбітқызына сәттілік тілейміз! Еңбегіңіз еленіп, республикалық додада да биік белестерді бағындыра беріңіз!
Казталовтың білімдегі жетістігі – ортақ мақтанышымыз! 💐

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1321738?lang=kk