«ҰЛТТЫҚ ОНОМАСТИКА – ЕЛ АЙНАСЫ» БАЙҚАУЫ!

«ҰЛТТЫҚ ОНОМАСТИКА – ЕЛ АЙНАСЫ» БАЙҚАУЫ!

Жер-су атаулары - ұлт тарихының ажырамас бөлігі, халықтың мәдениеті, дәстүрі мен ұлттық болмысының көрінісі. Олардың әрқайсысында өткеннің ізі мен тарихи мұрамыздың құнды деректері сақталған.

28 қазанда облыс орталығында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ономастика саласына деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Ұлттық ономастика - ел айнасы» атты байқау өтті.

Іс-шараға Петропавл қаласы мен облыс аудандарының мамандарынан құралған төрт топ қатысты. Қатысушылар өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін көрсетіп, ономастика саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Байқау қорытындысы бойынша Петропавл қаласы, Жамбыл және Уәлиханов аудандары мамандарынан жасақталған құрама топ І орынға ие болды!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhambyl/press/news/details/1321735?lang=kk