Сот практикасындағы адам құқықтарының халықаралық стандарттары: Сот төрелігі академиясында қонақ дәрісі өтті

Сот практикасындағы адам құқықтарының халықаралық стандарттары: Сот төрелігі академиясында қонақ дәрісі өтті

Сот практикасындағы адам құқықтарының халықаралық стандарттары: Сот төрелігі академиясында қонақ дәрісі өтті

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі Академиясында магистранттарға арналған «Адам құқықтарының халықаралық стандарттары» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Дәріскер ретінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы, заң ғылымдарының кандидаты Рахимбек Мамырбаев сөз сөйледі.

Академия ректоры Қанат Мусин қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Ол болашақ судья кадрларын даярлау сапасын арттыру үшін заң ғылымы мен практикасының жетекші өкілдерімен тұрақты кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Дәріс барысында спикер адам құқықтары мен бостандықтарын халықаралық-құқықтық қорғау тетіктерін, осы саладағы негізгі халықаралық стандарттарды, сондай-ақ оларды ұлттық құқықтық жүйеге имплементациялау ерекшеліктерін түсіндірді.

Адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудегі сот билігінің рөліне және судьялардың кәсіби қызметінде халықаралық нормаларды практикада қолдануға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша магистранттар ұсынылған материалдың жоғары практикалық деңгейін атап өтіп, мазмұнды пікірталас үшін дәріскерге алғыстарын білдірді.

Тұрақты қонақ дәрістерін өткізу тәжірибесі Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың бастамасымен енгізілді және Сот төрелігі академиясында кадрлар даярлаудың жаңартылған бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1321718?lang=kk