ТАЗАЛЫҚ- БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ!

ТАЗАЛЫҚ- БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ!

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен мекемелердің белсенді қатысуымен кезекті «Таза бейсенбі» санитарлық тазалық жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында ауыл аумағынан тыс жерлердегі шашылған қоқыстар жиналып, ауыл ішіндегі көшелер мен қоғамдық орындар тазартылды. Таза бейсенбіліктің негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген жауапкершілікті арттыру. Тазалық – тек бір күндік жұмыс емес, әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Туған жеріміздің көркеюі мен тазалығы әрқайсымыздың ортақ үлесімізге байланысты. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамау және табиғатқа жанашырлықпен қарау – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Таза ауыл – жарқын болашақ! Тазалықты бірге сақтайық!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1321714?lang=kk