РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АЛҒЫС ХАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АЛҒЫС ХАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ
«25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай фармацевтика саласының дамуына үлес қосып жүрген Қызылорда облысының фармацевтикалық ұйымдарына Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Д. Жаналиновтің атынан Алғыс хаттар табысталды.
 
2026 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасының дәрілік заттарды мемлекеттік реттеу жүйесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Дүниежүзілік бенчмаркинг құралы (Global Benchmarking Tool, GBT) шеңберінде жүргізілген кешенді бағалау қорытындысы бойынша жетілудің 3-деңгейіне (Maturity Level 3, ML3) қол жеткізді. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында бұл деңгейге алғашқылардың бірі болып қол жеткізіп, дәрілік заттарды мемлекеттік реттеу жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкестігін растады.
 
Бұл жетістік дәрілік заттардың сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету, фармакологиялық қадағалау жүйесін жетілдіру және халықаралық стандарттарды енгізу бағытында атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесі болып табылады.
 
Мереке қарсаңында марапатталған фармацевтикалық ұйымдар GPP (тиісті дәріханалық практика) және GDP (тиісті дистрибьюторлық практика) талаптарына сәйкестігін растайтын сертификаттарға ие. Бұл сертификаттар дәрілік заттарды сақтау мен босату сапасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халыққа халықаралық талаптарға сай фармацевтикалық қызмет көрсетуге бағытталған.
 
Барша марапат иелерін құттықтап, кәсіби қызметтеріне табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dkf-kyzylorda/press/news/details/1321710?lang=kk