АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ: ІІ ТУР

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ: ІІ ТУР
АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ: ІІ ТУР
📚 Ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің ІІ туры өтті.
🧠 Білім додасының екінші турында оқушылар пән ерекшеліктеріне қарай ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындап, практикалық есептер шығарып, тест сұрақтарына жауап берді.
✨ Олимпиада барысында қатысушылардың пәндік білімімен қатар, логикалық ойлау, талдау, дәлелдеу және алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдылары сынға түсті.
📊 Олимпиаданың ІІ туры оқушылардың білім деңгейін саралауға, дарынды жастарды анықтауға және олардың зияткерлік әлеуетін бағалауға мүмкіндік берді.
👏 Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті болып, білім додасында лайықты нәтижелерге қол жеткізіңіздер!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1321695?lang=kk