Маңғыстау облысында өрт сөндіру-құтқару спортынан жарыс өтті

Маңғыстау облысында өрт сөндіру-құтқару спортынан жарыс өтті

28–29 қазанда Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде өрт сөндіру бөлімшелері арасында өрт сөндіру-құтқару спортынан жарыс өтті.

         Қатысушылар жеке және командалық есепте үш дисциплина бойынша сынға түсіп, жылдамдық, күш, ептілік пен төзімділік танытты.

         Жарыс бағдарламасына арнайы кедергілерден өтуді қамтитын 4×100 метрлік өрт сөндіру эстафетасы, су көзінен су алу және су ағынымен нысаналарды дәл көздеудегі жылдамдыққа негізделген командалық жаттығу – жауынгерлік қанат жаю, сондай-ақ оқу-жаттығу мұнарасының қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу сайысы кірді.

         Жарыстың жалпыкомандалық есебінде бірінші орынды Ақтау қаласын күзететін №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы иеленді. Екінші орын Ақтау қаласын күзететін №13 өрт сөндіру бөлімінің командасына бұйырса, үшінші орынды Қызыл-сай ауылын күзететін №9 өрт сөндіру бекетінің командасы жеңіп алды.

         Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Маңғыстау облысы ТЖД

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1321692?lang=kk