Шымкент қаласы ТЖД мотопомпалардың техникалық жай-күйі мен жұмысқа дайындығын тексеру мақсатында су айдындарына барып, бақылау жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында мотопомпалардың техникалық жағдайы, қозғалтқыштарының іске қосылуы, су сору және су айдау мүмкіндіктері, сондай-ақ жабдықтардың толықтығы мен жарамдылығы назарға алынды. Іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар туындаған кезде су айдындарынан суды жедел алуды қамтамасыз ету, техникалардың тұрақты әзірлігін сақтау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру. Департамент тарапынан арнайы техникалардың жарамдылығы мен жауынгерлік әзірлігіне бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.