Қызылорда облысының Әділет департаментінде авторлар мен құқық иеленушілердің қатысуымен семинар өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының негізгі нормалары, 2026 жылғы 25 қаңтардан бастап күшіне енген өзгерістер, сондай-ақ Бірыңғай цифрлық платформаның (БЦП) жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар платформада тіркелу, пайдаланушыларды авторизациялау, қажетті мәліметтерді енгізу және мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды.
Мақсат – авторлар мен құқық иеленушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы түсіндіру.
АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1321681?lang=kk