ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 9 қазанда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қызылорда жол дистанциясы (ПЧ-57) жұмысшылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында ЖРВИ мен тұмаудың негізгі белгілері, аурудың таралу жолдары, ықтимал асқынулары және алдын алу шаралары түсіндірілді. Алғашқы белгілер байқалған жағдайда өзін-өзі емдемей, медициналық көмекке жүгіну қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар қатысушыларға үй-жайларды желдету, қол гигиенасын сақтау, антисептиктерді пайдалану, адам көп жиналатын орындарда бетперде тағу және салауатты өмір салтын ұстану жөнінде ұсынымдар берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1321663?lang=kk