Шымкентте полиция қызметкерлері электрондық тұтыну жүйелерін заңсыз сатумен айналысқан азаматты ұстады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің автокөлігінен жалпы саны 400 вейп табылып, тәркіленді. Өнімдердің жалпы құны — 4 миллион теңге.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция ескертеді:
елімізде электрондық тұтыну жүйелерін, яғни вейптерді сатуға, таратуға, әкелуге және өндіруге заңмен қатаң тыйым салынады. Аталған талаптарды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Шымкентте заңсыз вейп саудасының жолы кесілді: күдіктіден 4 млн теңгенің тауары тәркіленді
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1321657?lang=kk