2026 жылғы 22 қазанда Қызылорда станциясында 2026 жылдың IV тоқсанына арналған ПП-31 өрт сөндіру пойызының бекітілген жоспарына сәйкес «Жолаушылар вагонындағы шартты өртті сөндіру» тақырыбында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығуға теміржол көлігі ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қатысты. Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайлар кезіндегі жедел әрекет ету, өзара іс-қимыл алгоритмдерін пысықтау және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметтердің дайындығын бағалау. Оқу-жаттығу барысында жолаушылар вагонында өрт туындаған кездегі өрт сөндіру және шұғыл әрекет ету жұмыстары тәжірибе жүзінде көрсетілді. Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға және жауапты қызметтердің өзара үйлесімді жұмысын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Жолаушылар вагонындағы шартты өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізілді