2026 жылғы 22 қазанда Қазалы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы МКК «Қазалы Су-сервис» мекемесінің қызметкерлері арасында WhatsApp қосымшасы арқылы онлайн форматта семинар өткізді. Семинар Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 28 тамыздағы №11-ПГСВ қаулысын орындау мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және COVID-19 коронавирус инфекциясының таралу жолдары, негізгі белгілері мен алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар инфекциялардың таралуын болдырмау және профилактикалық шараларды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ЖРВИ, тұмау және COVID-19 инфекциясының алдын алу бойынша онлайн семинар өткізілді