«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында түсірілген бұл кадрлар табиғаттың ғажап әлемін тағы бір мәрте айқын көрсетті. Күзгі тыныштық аясында парк аумағында мекендейтін жануарлар мен құстар фотообъективке анық түсіп, өңір фаунасының байлығын байқатты.
Кадрларда түз жануарларының табиғи тіршілігі, сақ қимылы мен еркін мінезі анық көрінеді. Мұндай сәттер — ұлттық парк аумағындағы жануарлар дүниесінің сақталғанының және табиғи ортаның тұрақтылығының жарқын көрінісі.
Бұл — табиғаттың өз қолымен жазылған шынайы тарихы. Осындай көріністер ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызын тағы бір рет еске салады.
Автор: «Бұйратау» МҰТП РММ-нің «Ерейментау» филиалының аңшылықтанушысы Мустафин А.Е.
Табиғаттың әр сәті — назарда.
Табиғаттың тірі көрінісі: Бұйратаудағы ерекше кадрлар
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1321624?lang=kk