«Тұмау мен ЖРВИ-дің, қызылшаның алдын алу және салауатты жұмыс орнын қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізілді

«Тұмау мен ЖРВИ-дің, қызылшаның алдын алу және салауатты жұмыс орнын қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізілді

2026 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №11-ПГСВ қаулысын орындау мақсатында Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалының Шалқар перрондық сумен жабдықтау бөлімінің жұмысшылары арасында семинар өткізді. Семинар барысында тұмау, ЖРВИ және қызылша ауруларының жұғу жолдары, негізгі белгілері мен алдын алу шаралары түсіндірілді. Аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дәрігерге уақытылы жүгіну, жеке гигиена талаптарын сақтау және өзін-өзі емдеуге жол бермеу қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар қатысушыларға салауатты жұмыс ортасын қалыптастыру, еңбек жағдайларын жақсарту, кәсіптік аурулар мен жарақаттардың алдын алу және қызметкерлердің денсаулығын сақтау мәселелері бойынша ақпарат берілді. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1321622?lang=kk