📚 «Жүрегімде – туған ел!» аудандық мәнерлеп оқу байқауы өтті
2026 жылғы 28 қазанда №206 «Жиделіарық» орта мектебінде ақын, ардагер ұстаз Ерғара Жолдасовтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Жүрегімде – туған ел!» атты аудандық мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Ұйымдастырушылар — №206 «Жиделіарық» орта мектебі, ардагер ұстаз, ақын — Ерғара Жолдасовтың ұрпақтары.
Байқауға аудан мектептерінен 38 оқушы қатысып, туған жер тақырыбындағы және Ерғара Жолдасовтың шығармаларынан өлеңдер оқыды.
🏆 Байқау қорытындысы бойынша:
- Бас жүлде – №205 мектеп оқушысы;
- І орын – №206 және №45 мектеп оқушылары;
- ІІ орын – 3 оқушы;
- ІІІ орын – 4 оқушы иеленді.
Бас жүлде иегері 15 000 теңгенің заттай сыйлығымен және дипломмен, І орын иегерлері 10 000 теңгенің заттай сыйлығымен және грамотамен марапатталды. Қалған қатысушыларға да түрлі номинациялар бойынша марапаттар табысталды.
Байқау жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтуға үлес қосты.
#ҚызылордаШиеліЖиделіарық