Қызылордада корпорацияның мерейтойы мен республика күні қатар аталып өтілді

Қызылорда облысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының 10 жылдығы мен Республика күні қатар тойланды.

Мерекелік жиын облыстық филиал қызметкерлері мен мемлекеттік корпорацияның аймақта қалыптасуына үлестерін қосқан сала ардагерлерінің басын біріктірді. Осылайша ерекше басқосу филиалдың осы кезге дейінгі жүріп өткен жолын еске алуға, әріптестердің кәсіби жетістіктерін атап өтуге және көптеген жылдар бойы мемлекеттік қызметтер жүйесін дамытуға үлес қосқандарға ризашылық білдіруге себеп болды.

Салтанатты шарада жылжымайтын мүлік саласын дамытуда ұзақ жылдар бойы еңбек еткен мамандар ұлықталды. Солардың бірі - 2006 жылдан бері аталмыш салада еңбек етіп келе жатқан Сәбит Жұмабеков. Осы уақыт ішінде ол қарапайым жерге орналастырушы маманынан бастап, геодезиялық жұмыстар және жылжымайтын мүлікті зерттеу басқармасының жетекші сарапшысына дейін абыроймен қызмет атқарды.

Саналы ғұмырын жылжымайтын мүлік саласына арнап, өңірдегі Мемлекеттік корпорацияның дамуына қосқан айрықша үлесі үшін Сәбит Жұмабеков дәл осы мерейлі мерекеде ұйымның 10 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды.

«Осы жылдар ішінде көп нәрсе өзгерді: жұмыс процестері жетілдірілді, жаңа тәсілдер енгізілді, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптар өзгерді. Менің жұмысым осындай бағаға ие болғанына қуаныштымын. Мен үшін бұл жеке мойындау ғана емес, бүкіл ұжымның бірлескен жұмысының нәтижесі», — деді Сәбит Жұмабеков.

Он жыл ішінде Мемлекеттік корпорация дамудың ең маңызды кезеңінен өтті. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістері мен тәсілдеріндегі өзгерістердің артында азаматтарға өмірлік маңызды мәселелерді шешуге көмектесетін мамандардың күнделікті жұмысы тұр.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы бірнеше республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру арқылы азаматтарға барлық мемлекеттік қызметтерді бір жерде сапалы көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы құрылған болатын.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1321597?lang=kk