Қосшы қаласында Ақмола облысының әкімі мен облыс прокурорының қатысуымен қалалық прокуратураның жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шара барысында прокурорлық қызметтің тиімділігін арттыруға, заңдылықтың бұзылуын жедел анықтауға және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық қадағалау мүмкіндіктері таныстырылды.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар прокуратура аумағына шырша ағаштарын отырғызып, қаланы абаттандыру мен қоршаған ортаны көгалдандыруға өз үлестерін қосты.
Жаңа ғимараттың ашылуы Қосшы қаласының дамуындағы және прокуратура органдары қызметінің нығаюындағы маңызды оқиға болды.
Ақмола облысының прокуратурасы