Ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету

Ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығымен бекітілген Есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес, аталған қызметтер есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдарға абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – АОЖБ) сәйкес көрсетіледі.
Мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері өтінішті келесі тәсілдермен бере алады:
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары (ХҚКО) арқылы;
2. Электрондық үкіметтің веб-порталы — www.egov.kz арқылы.
📌 Назар аударыңыз!
Қолданыстағы Қағидаларға сәйкес, бір мүгедектігі бар адамға ымдау тілі маманының қызметтері жылына 60 сағаттан аспайтын көлемде көрсетіледі.
АОЖБ ұсынымдарына сәйкес ымдау тілі маманының қызметтері Әлеуметтік қызметтер порталы (https://aleumet.egov.kz/) арқылы көрсетіледі.
Әлеуметтік қызметтер порталында қызмет көрсетудің келесі форматтары қолжетімді:
• Көзбе-көз формат — ымдау тілі маманының қызмет көрсету орнында жеке қатысуы арқылы;
• Қашықтан көрсету форматы — қызметтерді нақты уақыт режимінде (онлайн) көрсетуге мүмкіндік беретін интернет-технологиялар арқылы.
Ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпарат алу үшін төмендегі мекенжайларға хабарласуға болады:
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы:
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9. Телефон: +7 (7172) 55-69-90.
Сондай-ақ «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығынан кеңес алуға болады: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 14.

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzsp/press/news/details/1321581?lang=kk