«Тегін заң көмегі күні»

«Тегін заң көмегі күні»
Алматы облысы Әділет департаментінің Талғар ауданының аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі филиалы «Тегін заң көмегі күні» акциясын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Акция барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Сонымен қатар, азаматтарға заңнама талаптарын сақтау және өз құқықтарын қорғау тәртібі жөнінде кеңестер ұсынылды.
Аталған іс-шара «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1321579?lang=kk