«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 2026 жылдың 30 қазан күні Алматы облысы Әділет департаментінің Қарасай ауданының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі филиалы «Ашық есік күні» акциясын өткізді. Акция аясында азаматтарға атқарушылық іс жүргізудің өзекті мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетіліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес банктік шоттардан тыйымды алып тастау тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, нотариаттық қызмет мәселелері, атап айтқанда атқарушылық жазбаны жасау тәртібі, оны жасаудың құқықтық негіздері, сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда атқарушылық жазбаға шағымдану және оның күшін жою тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында осындай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға бағытталған.