«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары кезекті аумақты барлау кезінде жабайы шошқаның (қабанның) тіршілік әрекетінен қалған іздерді анықтады.
Қураған шөп арасындағы қопарылған топырақ пен жер бетіндегі өзгеше белгілер бұл маңнан қабанның өткенін аңғартады. Жабайы шошқалар қорек іздегенде тұмсығымен жерді қопарып, өсімдік тамырларын, жәндіктер мен басқа да азықтарды іздейді.
Жануардың өзі кадрға түспегенімен, оның табиғатта қалдырған «қолтаңбасы» назардан тыс қалмады.
Осындай іздер арқылы ұлттық парк мамандары жабайы жануарлардың қозғалысын бақылап, олардың тіршілік ететін аумақтары туралы мәлімет жинайды.
Ұлытаудың табиғаты әлі талай қызығын көрсететіні анық.
Қабан көрінбесе де, ізі сайрап жатыр: Ұлытауда ерекше белгілер байқалды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1321539?lang=kk