«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: «ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК КҮНІ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: «ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК КҮНІ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Алматы облысы Әділет департаментінің Еңбекшіқазақ ауданының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі филиалы «Тегін заңгерлік көмек күні» акциясы аясында Еңбекшіқазақ ауданының ХҚКО ғимаратында азаматтарға қабылдау өткізді.
Іс-шара барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу, берешекті өндіріп алу, банк шоттарындағы тыйымдарды алып тастау, алимент өндіру және өзге де құқықтық мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңестер берілді.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1321532?lang=kk