Семейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған байқау өтті

Семейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған байқау өтті

Абай облысында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Заң мен тәртіп» байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шараға облыстағы 10 колледждің студенттері қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін ортаға салды.

«Байқау Абай облысы Ішкі саясат басқармасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсатымыз – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Бүгінгі шараға 10 колледждің студенттері қатысып, өзара бақ сынауда. Сонымен қатар олардың жетекшілері де белсенділік танытып отыр», – деді Абай облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесу және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Айтуар Қапасов.

Байқау қатысушылары өзара тәжірибе алмасып, тақырып аясында білімдерін көрсетті.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ishki-sayasat/press/news/details/1321503?lang=kk