2026 жылғы 30 қазанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы жанындағы сараптамалық кеңесінің ІІІ отырысы өтті. Кеңес отырысында облыстық білім беру ұйымдарынан барлығы 42 материал, оның ішінде 28 авторлық бағдарлама, 10 әдістемелік құрал және 4 элективті курс бағдарламасы қаралды. Отырыс жұмысына 25 комиссия мүшесі қатысып, ұсынылған материалдарға сараптамалық баға беріп, тиісті ұсыныстар жасады.
Облыстық Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1321490?lang=kk