Ұлытау облысы Полиция департаментінде жеке құрамға Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жолдаудың негізгі бағыттары полиция қызметімен байланыстыра қарастырылды.
Кездесу барысында ел дамуына қатысты басымдықтар мен белгіленген міндеттердің мәні түсіндірілді. Жолдауда көтерілген мәселелердің ішкі істер органдарының жұмысына қатысы, оларды күнделікті қызметте іске асырудың маңызы сөз болды.
Жеке құрамға Жолдаудың жалпы мазмұны таныстырылып, полиция құзыретіне кіретін міндеттерге назар аударылды.