Абай облысының құтқарушысы NAIZA 86 турнирінде чемпиондық белбеуді жеңіп алды

Абай облысының құтқарушысы NAIZA 86 турнирінде чемпиондық белбеуді жеңіп алды

  2026 жылғы 1 қарашада Павлодар қаласында өткен NAIZA 86 турнирінде чемпиондық белбеу үшін өткен жекпе-жекте Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері жеңіске жетті.

  Абай облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Сағындықов Сайран Сұнғатұлы жоғары шеберлік танытып, чемпиондық белбеуді иеленді.

  Бұл айтулы жетістік - қызметкеріміздің табандылығы мен қажырлы еңбегінің, жоғары спорттық дайындығының нәтижесі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1321476?lang=kk