Шу ауданында жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Шу ауданында жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «QazaqGaz Aimaq» АҚ Шу газ шаруашылығының мамандарымен бірлесіп, тұрғындар арасында жылыту маусымындағы қауіпсіздік талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында газ жабдықтарын дұрыс пайдалану, жылыту пештері мен мұржалардың жарамдылығын тексеру, газдың шығуын болдырмау және улы газдан уланудың алдын алу жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Жамбыл облысы ТЖД

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1321465?lang=kk