Бүгін «Таза Қазақстан» жобасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті.
Әр сенбі дәстүрге айналған сенбілікке мемлекеттік қызметкерлер, облыстық басқармалар мен департаменттер, әртүрлі ұйым белсенділері, коммуналдық сала қызметкерлері, тұрғындар мен кәсіпкерлік нысан иелері және белсенді жастар қатысты.
Бекітілген кестеге сай барлық қатысушылар жұмыс орындарының айналасын, шағынаударындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларын, қоқыс жәшіктері мен балалар ойын алаңшасы аумағы және ирригациялық арық жүйелерін қоқыстан тазартты.
Қала тұрғындарынан өз аулаларыңызды таза ұстап, қалаға жанашырлықпен қарауларыңызды сұраймыз.