Түркістан қаласы, Жаңа қала аумағындағы кәуап дайындайтын орталықта орын алған өрт оқиғасынан кейін тиісті сала мамандарынан құралған жұмыс тобы жасақталды.
Қала әкімінің орынбасары Айдос Тоғызбаевтың жетекшілігімен төтенше жағдайлар органдары, газ инспекциясы және жауапты сектор мамандарының қатысуымен қала аумағында рейдтік-зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Мониторинг барысында кәсіпкерлік нысандардағы, мейрамханалар мен дәмханалардағы газ жабдықтарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі назарға алынып, өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуы бақылауға алынуда.
Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, газ жабдықтарын дұрыс пайдалану және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.