ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Халықтың денсаулығын нығайту және медициналық қызметтердің сапасын арттыру басты мақсаты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше мән берілді. Президент айқындаған бастамалар медициналық көмектің сапасын арттыруға, заманауи инфрақұрылымды қалыптастыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға жаңа серпін береді.

Астана – қарқынды дамып, халық саны тұрақты өсіп келе жатқан қала. Елорда тұрғындарының көбеюі медициналық қызметтерге деген сұранысты да арттыруда. Бұл өз кезегінде денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, медициналық ұйымдардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға тың мүмкіндіктер ашады.

Мемлекет басшысы Жолдауында елімізде сегіз заманауи перинаталдық орталық пен жеті көпбейінді балалар ауруханасын салу жоспарланғанын атап өтті. Бұл бастамалар медициналық инфрақұрылымды нығайтып, тұрғындардың сапалы әрі мамандандырылған көмек алу мүмкіндігін кеңейтеді.

Ана мен бала денсаулығын қорғау – елорданың денсаулық сақтау саласындағы маңызды басымдықтардың бірі. Әрбір ана мен баланың сапалы медициналық көмек алуы, ауруларды ерте анықтау және профилактикалық шараларды күшейту бағытындағы жұмыстар ерекше назарда. Заманауи медициналық мүмкіндіктерді кеңейту ана мен бала денсаулығын сақтауға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болмақ.

Президент Жолдауында алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытуға да басымдық берді. Жалпы практика дәрігерлерінің мүмкіндіктерін кеңейту және емханалардың жұмысын жетілдіру тұрғындарға медициналық көмекті жақындата түседі. Елордада аурулардың алдын алу, ерте диагностика жүргізу және пациенттерге уақтылы көмек көрсету бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Денсаулық сақтау жүйесінің басты құндылығы – білікті медицина мамандары. Сондықтан дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің кәсіби дамуына жағдай жасау, жаңа медициналық технологияларды меңгеру және озық тәжірибелерді енгізу маңызды орын алады. Бұл медициналық қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамалар елорданың денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға маңызды бағдар береді. Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Басты мақсат – әрбір елорда тұрғынының сапалы медициналық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз ету, ана мен бала денсаулығын қорғау және заманауи, тиімді әрі халыққа бағдарланған денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uoz/press/news/details/1321447?lang=kk