АХҚО мүмкіндіктері грузин бизнесіне таныстырылды

АХҚО мүмкіндіктері грузин бизнесіне таныстырылды

GFTN Tbilisi аясында Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі мен Қазақ-грузин экономикалық қоғамдастығының қолдауымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) өкілдерінің Грузияның іскер топтарымен кездесуі өтті.

Іс-шара барысында бизнесті дамыту, инвестициялар тарту және бірлескен жобаларды іске асыру үшін АХҚО ұсынатын мүмкіндіктер мен артықшылықтар таныстырылды. Қазақстан мен Грузия арасындағы қаржы-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Орталық алаңын пайдалану перспективаларына ерекше назар аударылды.

Кездесу грузин бизнесінің өкілдеріне АХҚО қызметімен толығырақ танысуға және одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін тікелей байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1321427?lang=kk