ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 5 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 5 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру бойынша байқау жарияланды. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы ұйымдастырған байқауға әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлер, сондай-ақ, «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау тәртібі:

Байқауға қатысу үшін үміткерлер белгіленген нысан бойынша электрондық өтінім мен қажет құжаттардың толық топтамасын ұсынуы қажет.

Өтінімдер 2026 жылғы 4 қарашаға дейін (қоса алғанда) тек онлайн форматта kezekte.kz платформасы арқылы қабылданады.

Белгіленген мерзімнен кейін жолданған өтінімдер қабылданбайды.

Байқау талаптары мен қажетті құжаттар тізімі туралы толық ақпаратты төмендегі сілтемеден алуға болады:

https://www.gov.kz/org/shymkent/press/news/details/1315454?lang=kk

Қосымша ақпарат:

📧 msb_shymkent@mail.ru

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent;shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1321412?lang=kk