«Алтай» футбол клубы 2027 жылғы маусымда да Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді

«Алтай» футбол клубы 2027 жылғы маусымда да Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді

Шығысқазақстандық «Алтай» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасындағы 2026 жылғы маусымның соңғы кездесуін өткізді. Чемпионат көшбасшыларының бірі - алматылық «Қайратқа» қарсы өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Маусымның шешуші кезеңінде «Алтай» футболшылары жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін турнир кестесінің төменгі сатысында тұрған командалармен тартысты бәсекеге түсті. Чемпионаттың қорытындысы бойынша клуб 14-орынға тұрақтап, келесі маусымда да Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсету құқығын сақтап қалды.

«Қайратқа» қарсы кездесуде жерлестеріміз соңғы минуттарға дейін жеңіске деген жігерін танытты. Ойынның 82-минутында «Алтайдың» жартылай қорғаушысы Елисей Горшунов қарсылас қақпасынан саңылау тауып, есепті теңестірді. Осылайша, матч 1:1 есебімен аяқталды.

Нәтижесінде «Алтай» клубы 2026 жылғы маусымды аяқтап, 2027 жылы да ел футболының жоғары дивизионындағы орнын сақтап қалды.

(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1321392?lang=kk