🌸 «АУЫЛЫМ – ҚАСИЕТТІ МЕКЕНІМ»! 🌸

🌸 «АУЫЛЫМ – ҚАСИЕТТІ МЕКЕНІМ»! 🌸

🌸 «АУЫЛЫМ – ҚАСИЕТТІ МЕКЕНІМ»! 🌸

 

Тиірмен ауылында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ауыл тұрғындарының бірлігін нығайту мақсатында «Ауылым – қасиетті мекенім» атты мерекелік кеш өтті.

Мерекелік шара барысында ауылдың тарихы мен тыныс-тіршілігі, туған жердің қадір-қасиеті кеңінен насихатталды. Кеште әсем әндер шырқалып, мың бұралған билер орындалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйланды.

Ауыл – әрбір адамның алтын бесігі, балалық шағының куәсі, жүрегіне ең жақын қасиетті мекені. Туған жерге деген құрмет пен сүйіспеншілік – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын асыл құндылық.

Осындай тағылымы мол мәдени шаралар ауыл тұрғындарының ынтымағын арттырып, жас ұрпақты туған жерін сүюге, елін құрметтеуге тәрбиелейді.

 

✨ Ауылымыздың берекесі артып, бірлігі бекем, болашағы жарқын болсын!

 

🌿 Туған жер – тұғырым, туған ауыл – мақтанышым!

#АуылымҚасиеттіМекенім #ТиірменАуылы #ТуғанЖер #АуылМәдениеті #БерекеБірлік

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-tiirmen/press/news/details/1321363?lang=kk