Алматы облысының полицейлеріне су жаңа қызметтік көліктер табысталды

Алматы облысының полицейлеріне су жаңа қызметтік көліктер табысталды

Алматы облысында құқық қорғау қызметкерлерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға айрықша көңіл бөлінуде. Бүгін облыс әкімі Шыңғыс Әрінов Полиция департаменті мен мемлекеттік органдарға 50  қызметтік автокөліктің кілтін табыстады.

-«Қашан да мемлекет тарапынан құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көңіл айрықша бөлініп келеді. Осы бағытта Полиция департаментіне және мемлекеттік мекемелерге елімізде шығарылған  50 жаңа қызметтік автокөлік табысталуда. Жаңа көліктеріңіз құтты болсын!  Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына  Жолдауында заң мен тәртіп мәселесін мемлекеттің басты қағидаты ретінде атап өткен  болатын.  Осы жауапты миссияны жүзеге асыруда  Сіздердің еңбектеріңіз орасан.  Өңірімізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, облыстың қоғамдық орындарына 11 400 бейнебақылау камералары орнатылып, жедел басқару орталығына қосылды. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және жедел  әрекет ету мүмкіндік береді. Сонымен қатар, полиция қызметінің тиімділігін  арттыру мақсатында алдағы жылы да қолдау жалғасады. Атап айтқанда, жергілікті бюджет есебінен учаскелік және патрульдік полиция қызметіне қосымша 150 штаттық бірлік бөлу көзделген.  Осы ретте мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаумен қатар, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану да маңызды. Бюджет қаражаты  шектеулі екенін ескере отырып, сеніп тапсырылған мүлікке ұқыптылықпен қарап, жаңа көліктерді тиімді пайдалану қажет. Бұл – әрбір қызметкердің жауапкершілігі. Барлығымыздың мақсатымыз – қауіпсіз орта құрып, қылмыс деңгейін төмендету және тұрғындардың тұрмыс-сапасын арттыру», – деді  Шыңғыс Сайранұлы.  

Су жаңа қызметтік көліктер Қонаев, Алатау қаласы мен Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Қарасай, Жамбыл, Балқаш, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарының полиция бөлімдеріне берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1321359?lang=kk