Тәжікстанның мәдениет қайраткерлері Қазақстанның мемлекеттік наградаларымен марапатталды

Тәжікстанның мәдениет қайраткерлері Қазақстанның мемлекеттік наградаларымен марапатталды

2026 жылғы 30 қазанда Астанада Қазақстан Республикасының Вице-Президенті Ерлан Қарин салтанатты жағдайда Тәжікстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері – флейташы әрі композитор Нурали Шерматзода мен театр және кино актрисасы Мохпайкар Ёроваға ІІ дәрежелі «Достық» ордендерін табыстады.

Олар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, достық пен тату көршілік байланыстарды тереңдетуге қосқан елеулі үлестері үшін жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dushanbe/press/news/details/1321332?lang=kk