Ақтөбеде мектеп автобустарының қыс мезгіліне дайындығы тексерілуде

Ақтөбеде мектеп автобустарының қыс мезгіліне дайындығы тексерілуде

Қыс мезгілінің басталуы қарсаңында Ақтөбеде полиция қызметкерлері балаларды тасымалдауға арналған автобустардың қысқы кезеңге дайындығын тексерді.

Білім беру ұйымдарына тиесілі автобустарды тексеру барысында олардың техникалық жай-күйі, қажетті құжаттарының болуы, дөңгелектерінің жағдайы, сондай-ақ өрт сөндіргіш, медициналық қобдиша және басқа да қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі басты назарға алынды.

Алғашқы тексеру барысында автобустардан жалпы саны 10-ға жуық кемшілік анықталды. Оларды бір апта ішінде жою туралы нұсқамалар беріліп, талаптарды қайталап бұзған жағдайда заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері автобус жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады. Жүргізушілердің тиісті санатының болуы, медициналық тексеруден өтуі және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауының маңыздылығы түсіндірілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1321311?lang=kk