Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері нотариат саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалында халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға заңнамадағы өзгерістер түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы, азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін арттыру және цифрлық трансформация шеңберінде азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған жасанды интеллект агент чат-ботының жұмысы насихатталды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1321254?lang=kk