Дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында түсірілген «Жол» сериалдың ашық көрсетілімі ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда рухани құндылықтарды дәріптеу, жастардың діни сауаттылығын арттыру және деструктивті діни ағымдардың алдын алу.
Көрсетілімге Халық кеңесі мүшесі мен Қоғамдық кеңес мүшелері, діни бірлестіктер жетекшілері, құзырлы органдар қызметкерлері, сондай-ақ жастар қатысты.
Көрсетілім барысында қатысушылар сериалдың мазмұны мен көтерілген өзекті мәселелеріне назар аударып, ондағы тәрбиелік мәні мен қоғам үшін маңызын талқылады.
«Жол» сериалы – көрерменді жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, саналы шешім қабылдауға, рухани құндылықтарды бағалауға үндейтін тағылымды туынды.
Аталған туындыны төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар:
https://youtu.be/yXQeF0bXvM4?si=MOYEIFIAKPGpUJWg