Сәтбаевта «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Сәтбаевта «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

31 қазан күні Сәтбаев қаласында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Тұрғындар жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге ықпал ету және жергілікті шаруалар мен тауар өндірушілерді қолдау.

Жәрмеңке 31 қазан, сенбі күні Сәтбаев қаласындағы Ұлытау көшесі, 85 мекенжайында, «Светофор» дүкенінің алдында өтеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/1321251?lang=kk